Е. Қанағатов: Спортшы мен жаттықтырушыларға арнайы марапат тағайындау керек

Қазақстан Бейжіңде өткен қысқы олимпиада ойындарында 30-орынға тұрақтады. Ұлттық олимпиада комитеті өкілдері бүгін қорытынды брифинг өткізіп, жетістіктер мен келеңсіздіктерді тізіп берді.

Жалпы 30 жылда елімізде қысқыға қарағанда жазғы Олимпиада ойындарының нәтижесі ілгерірек. Өткенге көз жүгіртсек, қысқы ойындардан 8 медаліміз бар. Оның біреуі –  алтын. Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов биылғы нәтиже ешкімді қанағаттандырмағанын мойындады. Әсіресе, шаңғы спортынан қатты ақсадық. Ол елде бұқаралық спортты дамыту керектігін алға тартты. Жастар арасында жарыстарды көбейтіп, ауыл-аймақта спорт нысандарын ашу қажеттігін атап өтті. Елсияр Қанағатов биыл айтулы қарқын көрсеткен спортшы мен жаттықтырушыларға арнайы марапат тағайындау керек дейді.