Air Astana Киевке рейстерді тоқтатты

Украинада әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana Киевке барлық рейсті 7 наурызға дейін тоқтатады.

Жолаушылар смс арқылы хабарландырылды. 22 ақпан – 7 наурыз аралығында ұшатын рейстердегі билеттер бойынша 31 наурызға дейін тегін күнін өзгертуге және тегін қайтаруға рұқсат. Киев бағытындағы рейстер туралы ақпарат airastana.com сайтында жарияланады.

Бұған дейін елімізде Украинада әуе қатынасының тоқтауына байланысты жедел желі іске қосылғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ...