Сарапшы төл теңгенің құнсыздануына жол бермеу тетігін атады

Көрші мемлекеттердегі ахуал теңге бағамына кері әсерін тигізіп жатыр.

Қазақстан қор биржасында дәл қазір  бір АҚШ доллары 472 теңгеден саудалануда. Ресейге салынған санкциялар әзірге елдегі банк жүйесіне айтарлықтай кері әсерін тигізбейді. Бірақ білікті экономист Қайырбек Арыстанбековтің айтуынша, рубль бағамына қарай төл теңгеміз  құлдырауы мүмкін. Өйткені Ресей біздің негізгі сауда серіктесіміз. Бұл ретте сарапшы шетелдік валюта бағамының елге ықпалын болдыртпау тетігін атады. Тығырықтан шығу үшін Үкімет пен Ұлттық банк төлем балансы бойынша төрт мәселені реттеу керек.

Қайырбек Арыстанбеков, экономист:

– Ол үшін Үкімет пен Ұлттық банк төлем балансы бойынша 4 валюталық жыртықты жамау керек. Қызмет көрсетуде бізде дефицит. Екіншісі – табыстар балансы бойынша, үшінші – төлем балансы бойынша тапшылық бар.