Аутист балаларға білім беретін маман тапшы – Л. Қалтаева

Аутист балаларға білім беретін маман тапшы – Л. Қалтаева

Елімізде аутист балаларға білім беретін маман тапшы. Сенат депутаты Ләззат Қалтаева осылай деп мәлімдеді.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған депутаттар елордадағы № 88 мектеп-лицейіне барып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту барысымен танысты.

Ондағы  оқу үлгісі және инклюзия кабинетінің жұмысын көрді. Сенаторлардың айтуынша, аутист балалармен жұмыс істейтін педагогтар арнайы оқытылуы қажет. Әрі, мұндай балалар басқа да білім алушылармен бірдей мектепте оқуға құқылы. Сондықтан бұл тәжірибені еліміздің өзге де оқу ошақтарына енгізу керек. Оқытудың әдіс тәсілдері халықаралық тәжірибеге сай жүргізілуі тиіс. Сенат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың жаңа нормаларын қабылдауға дайын екенін айтты.  

Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Біз мұнда аутизммен ауыратын балалардың қалай білім алып жатқанын көрдік. Ерекше қажеттіліктері бар оқушылар инклюзивті оқытумен толық қамтылуы қажет. Сондықтан еліміздің басқа мектептерінде осы тәжірибе кеңінен енгізілсе деймін. Бұл аутист балалар мен олардың ата-аналарына көп көмек болады.