Ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдауды екі есе көбейту керек– Е.Қарашөкеев

Ведомства басшысы Ербол Қарашөкеев осылай айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ол «Хабар» арнасынан көрсетілетін «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Егер агоөнеркәсіп кешеніне көмек қылмасақ, Еуразиялық экономикалық одақтағы өзге елдің өнімі отандық өндірушілерді ығыстырады. Қазір министрлік субсидиялау жүйесін реформалап жатыр.

Ербол Қарашөкеев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:

– Ресейде шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек бізбен салыстырғандай айтарлықтай жоғары. Бізде қолдау 4-4 жарым процент болса, оларда 8 процентке дейін жетеді. Егер оларда егін бітік шықса біздің нарықты басып қалады. Сондықтан бұл салада барлығын жан-жақты ойластырып, шешім қабылдау керек. Қазақстан халқының 43 проценті ауылда тұрады. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алу керек. Жерді цифрлық әдіспен бөлу, жаңа технологияны енгізу, өндірісті дамытуымыз қажет.

Сұхбат барысында министр ауыл шаруашылық өнімдерінің қымбаттауына қатысты ойын айтты. Өзің ауылда тұрғың келе ме деген сұраққа да жауап берді. Министрмен болған сұхбатты бүгін Хабар телеарнасынан сағат 22:30 да көре аласыз.