Коронавирустан емделіп жатқан 78 науқастың жағдайы өте ауыр

26 ақпандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 23 979 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның 22 881-і КВИ+ және 1 098-ы КВИ-пен аурып жатқандар 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, емделіп жатқандардың ішінде 2 782 пациент стационарда, 21 197 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

183 адамның жағдайы ауыр,

78 пациенттің жағдайы өте ауыр,

70 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.