Елімізде коронавирус пневмониясынан екі адам қайтыс болды

Елде өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны 41 адам жұқтырып, 2 адам көз жұмды.

Сондай-ақ ондағы мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 30 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 13 наурызынан бері барлығы 88076 адам коронавирус пневмониясын жұқтырып, 5336 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандардың саны 81642-ге жетті.