Алматыда бір айда 35 жол апаты болған

Алматыда бір айда 35 жол апаты болған
Polisia.kz

Бұл тек автобус жүргізушілерінің кінәсінен болған жағдай. Салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 38 адам жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше автобус жүргізушілері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жол апатын жиі ұшырап жатады.

Осыған орай шаһарда «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік кәсіпорындарын қаланың жол жағдайында автобустардың техникалық жағдайына, дұрыс жұмыс істеуіне мұқият тексеру ұйымдастырылды.

«Біз жолаушылар мен жүк тасымалдайтын жүргізушілердің көлік және еңбек тәртібін жақсарту, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану деректерін алдын алу, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесуді көздеп отырмыз. Бұл жұмысқа мүдделі мемлекеттік органдар, азаматтық альянс өкілдері де барынша жұмылдырылған», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.