Атырау облысында егін егуге жұмыс күші жетіспейді

Атырау облысында егін шаруашылығына жұмыс күші жетпейді.

Енді бір айдан кейін басталатын көктемгі дала жұмыстарына соқасы мен сайманын сайлаған шаруалардың жұмысшы таппай қалатын түрі бар. Биыл мұнда 320 ауыл шаруашылық құрылымы 8700 гектар алқапқа дән егеді. Бұл егіс көлемінің жыл санап ұлғайып келе жатқанын көрсетеді. Сол себепті дала жұмыстарына қажет мамандардың тапшылығын туғызып отыр. Ал көрші елдерден шақырылатын маусымдық жұмысшылардың санына шектеу бар. Бүгінге дейін Өзбекстаннан жұмысшы әкелу үшін фермерлер 1218 адамға өтініш берген. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Атырауға бар болғаны 394 квота бөлген. 

Тілек Әміров, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің басшысы:

- 51 шаруашылыққа 1127 адамға жұмыс күші қажеттілік анықталып отыр. Енді бұл мәселеге ықпал ету сұралып, жоғарғы органдарға қойылды. Ең болмаса, 750 адамға дейін ұлғайту квотаны. Сонымен қатар барынша неғұрлым жергілікті халықты науқандық жұмыстарға тарту жұмыстары жүріп жатыр.