Коронавирустан емделіп жатқан 69 адамның жағдайы өте ауыр

27 ақпандағы мәлімет бойынша 22 912 адам коронавирус инфекциясынан (–21 798+ және 1 114 КВИ-) емделіп жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналының мәліметтеріне қарағанда, олардың ішінде 2 592 пациент стационарда, 20 320 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 184 адамның жағдайы ауыр,

• 69 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 63 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.