ҚР АШМ мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған жобаны қолға алды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі осы сала мамандарының біліктілігін арттырып, ақпарат алмасуға бағытталған «Жер байлығы» агромектебі жобасын қолға алды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркісіп кешенін дамыту бойынша қабылданған ұлттық жобаға сәйкес, аграрлық ғылымды дамыту мен мамандар даярлауға ерекше маңыз беріп отыр. Сондай-ақ ведомствоның алдынла ғылымның нақты өндірістен алшақтығын еңсеру, сондай-ақ оны әлемдегі ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге қайта бағдарлау міндеті тұр. Осы ретте «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ қолдауымен Қазақстан жүзім, жаңғақ, жеміс-жидек және көкөніс дақылдарын өндірушілер қауымдастығы, «КосАгроКоммерц» ЖШС және «AgriBioTech» ЖШС «Жер Байлығы» Агромектеп бірегей жобасы жүзеге асырылмақ.