Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау үшін Атыраудан ұшақ аттанды

Украинадан Польшаға өткен қазақстандықтарды алып қайтуға «Эйр Астана» әуе компаниясының КС 2203 рейсі бір сағат бұрын Атыраудан аттанды.

179 орындық ұшақ Катовице әуежайына қонады. Амандық болса, рейс ол жақтан Атырауға сағат 19:20-да оралады. Сол жерден жанармай құйып, одан әрі Алматыға ұшады. Алматыға түнгі 00:30-да жетуге тиіс. Тағы бір осындай репатриациялық рейс ертеңге де жоспарланған.