1 наурыз күні Үкімет отырысы өтеді

1 наурыз күні Үкімет отырысы өтеді
Inform.kz

Сейсенбі күні, 1 наурызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде: Кәсіпкерлік қызметті «жаңа парақтан бастап» реттеу тәсілдерін іске асыру; Әлеуметтік және еңбек салаларын цифрландыру. Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.