Жол сапалы болса, желіге жазып несі бар?

Атыраудағы жолдардың сапасы сын көтермейді. Қаланың да инфрақұрылымы мәз емес. Шаһар тұрғындары жол жайын әлеуметтік желіде жиі жазып жүр. Тіпті көпірлер де әбден тозған. Күзде жамалған жолдар көктемде қайта тоз-тозы шығады.

Облыс орталығындағы жолдың жағдайы қазір жиі сынға ұшырап жүр. Ой-шұқырдың көптігінен жол-көлік оқиғалары да жиілеген. Осы олқылық тұрғындардың да шымбайына батады. Жол сапалы салынса екен, дейді олар.

БЛИЦ

- Қазіргі таңда жолдың сапасы өте төмен. Жүру мүмкіндігі жыл сайын төмендеп бара жатыр. Күрделі жөндеулер жасалу керек.

- Машинаға кедергі келтіреді. Ямалар көп қаланың ішкі жолдарында. ЗАГС көпірі. Соның бойында ямалар өте терең. Көптеген машиналарға шығын келтіретінін байқап жүрмін.

Жауаптылар тұрғындар шағымының орынды екенін мойындайды. Олардың сөзінше, биыл жолдарды жамау жұмыстары сәуір айында басталмақ. Жалпы көлемі 25 мың шаршы метр тас жол жөнделеді. Алдымен көпірлер мен орталық көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

Ержан Хайноллаев, қалалық ТҮКШ бөлімі секторының бас маманы:

- Ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қазіргі таңда ашық конкурс жарияланды мердігер мекемені анықтау мақсатында. Мердігер мекеме анықталған соң сәуір айында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жалпы ең алдымен орталық көпірде, сонымен қатар басқа да көпірлерде ең алдымен ағымдық жөндеу жүргізіледі. 

Әкімдіктегілер былтыр 18 мың шаршы метр жерді жаматпақ болып тендер жариялаған. Бірақ оны ұтқан мекеме жауапсыздық танытып, жұмысын жөнді істемепті. Айналғанда әкімдіктегілер сот арқылы келісім-шартты бұзған. Осындай олқылықтардың кесірінен қала тұрғындары зардап шегіп отыр.

Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин