WhatsApp Қазақстанда жұмысын тоқтатады деген ақпарат жалған – StopFake

Қазақстандықтар ел аумағында WhatsApp мессенджері жұмысын тоқтататыны туралы ақпарат таратуда. Мектептерге бұл туралы ресми хабарлама жіберілген.

Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл мәлімет жалған.

ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру мекемелеріне немесе басқа жерлерге мұндай хабарламалар жібермеген.

«Министрлік білім беру ұйымдарына мұндай ақпарат жіберген жоқ. Білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпарат пен жаңалықтар әлеуметтік желілерде және ҚР БҒМ сайтында жарияланады» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.