«Хабар 24» арнасының тілшісі Украинадан байланысқа шықты

Украинадағы тілшіміз Аида Қыдырбай елдің батысында баласымен қауышты. Отандасымыз сол елдегі қазіргі ахуалды баяндау үшін бізбен байланысқа шыққан еді.

Аида Қыдырбай, тілші:

- Қазір мен қауіпсіздік мақсатында дәл қайда отырғанымды айта алмаймын. Украинаның батыс өңіріндемін. Қатты және қауіпті соғыс ЛНР, ДНР, Киев, Чернигов және Харьков қаласында жалғасуда. Украина қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша Украина даласында бес күн соғыс ішінде 5300 ресей әскері көз жұмған, 200 танк пен 30 ұшақ жойылды. Денсаулық сақтау министрлігі 350 бейбіт тұрғын қайтыс болды, 2000 адам жарақат алды. 16 сәби қайтыс болғанын мәлімдеді. Төтенше жағдайлар министрлігі телефонымызға қайта-қайта "тығылыңдар, тревога" деген хабарлама жіберуде. Әзірге шағын ақпарат осы қауіпсіздік мақсатында менде қазір жертөлеге барамын.