Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша дабыл қағылады

Яғни, сағат 9-дан 12-ге дейін республикалық құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы уақытта телевизиялық және радиоарналардың эфирінде хабарлама таратылады. Жыл сайын діүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында осы іс-шараның өтетіндігін Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті хабарлады. Ведомство қауіпті өндірістік нысандар мен гидротехникалық құрылымдардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығын тексермек.

Талғат Уәли ҚР ТЖМ ресми өкілі:

– Баршаның назарына, дыбыстық сигналы бұл қауіп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдын-ала ескерту құралы.  Дыбыстық сигналды естіген соң, теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, орын алған жағдайда одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулық алу үшін сайттар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып шығу қажет.