1 наурыз – Алғыс айту күні

Бүгін еліміз Алғыс айту күнін ерекше атап өтпек. Көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін мереке туралы қаулы 2016 жылы қабылданған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл осы күні елімізде Қазақстан халқы Асссамблеясы құрылған. Бұл күнді қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі десе де болады.Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы қарсы алып, қолдан келген көмегін жасады. Бұл күн қиын-қыстауда қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің де алғыс айтатын күн.