Электронды қызмет көрсету саласын жетілдіру керек – Үкімет басшысы 

Қазақстандықтар өз смартфондары арқылы барлық мемлекеттік қызметке қол жеткізуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов министрлер кабинетіне осындай тапсырма берді. Оның айтуынша, бүгінге дейін әлеуметтік еңбек саласында көрсетілген қызметтердің 72 проценті электронды форматта жүзеге асқан. Алайда әлі де бірыңғай ақпараттық жүйе құрылмаған. Смайылов жауапты ведомстволарға осы жұмысты тез арада аяқтауды жүктеді. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайын табу керек, – деді премьер-министр. Оларға қажетті медициналық сараптамаларды жасату жолдарын жеңілдеткен жөн.