Елордада сереналық дабыл жүйелері тексерілді

Елімізде азаматтық қорғаныс айлығы басталды. Оның аясында Елордадағы сереналық дабыл жүйелері тексерілді.

Қалалық төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Есен Байыров мұндай дабылдардың әдетте соғыс кезінде ғана емес, табиғи, техногендік және басқа да төтенше жағдайлар кезінде жүзеге асатынын айтады. Ал бүгінгі дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнінде мамандар көпшілікке қиын сәтте өзін қалай ұстау керектігін түсіндіруді көздеген. Есен Байыровтың айтуынша, азаматтар электронды не басқа да дабыл кезінде үрей мен қауесетке бой алдырмай, тек ресми ақпаратты қаперге алғаны жөн.

Сондай-ақ...