Күйші ауылының күйі жоқ

Күйші ауылының күйі жоқ

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Нұрғиса Тілендиев ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері жол азабын тартып келеді. Көктем мен күзде батпаққа белшеден батса, жазда шаң жұтып, қоқыстың күлімсі исінен тұншығамыз, дейді. 

Бұл Тілендиев ауылындағы орталық көшелердің бірі. Көріп отырсыздар, ми батпақ болып жатыр. Биыл ғана емес, жылда осындай. Халық жол мәселесін айтып, әкімшілікке жылда шағым айтады. Бірақ уәде бергенімен әлі сол уәдесін ауыл әкімдері орындай алмай келеді.

Алматы қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан Нұрғиса Тілендиев ауылында 2 мыңға жуық адам тұрады екен. Елді мекендегі көшелердің тек біреуіне ғана асфальт төселген. Қалғандарының сиқы осы. Жедел-жәрдем көлігі шақырту түскен үйге жете алмайды. Ал балалар мектепке балшық басып барады.

Кәмила Ықыласбаева, ауыл тұрғыны:

– Ауылымыздың мәселесі шаш етектен. Он жылдан бері айтылып келе жатыр. Қордаланып қалған мәселе көп. Бізде жол да, су да, жарық та, мектеп те мәселе боп тұр. Мына жерде жолымызда карьер бар. Бір емес, төрт карьер тұр. Сол 4 карьерден келетін камаздардан да зардап шегіп жатырмыз. Жаз шықса шаңнан, көктем күз айларында мына жердің балшықтарынан әбден халық запы болды.

Әкімдіктегілер жолды жыл сайын жасаймыз деп уәде беретін көрінеді. Бірақ соңғы 10 жылда бірнеше әкім ауысыпты. «Қазіргі әкімнің түрінде көрмедік»,-дейді жергілікті тұрғындар. Ауыл әкімі Айдос Тәженов еңбек демалысында екен, бүгін жұрттың шақыруы бойынша орынбасары келіпті.

Бақыт Төреев, Н.Тілендиев ауылы әкімінің орынбасары:

– Жолдар бойынша 2023-ші жылы салынады бұл жерге. Қазір жобасын жасап облысқа өткізгенбіз. Бұл 23 км жолдың ұзындығы бар. Бұл жерде 40-қа жуық көше бар новостройкада. Қазіргі таңда бірақ көшесінде асфальт бар. Үш көшесінде пгс төселген. Қалған көшелер...

Құры сөзден әбден мезі болған тұрғындар әкімдіктегілерге өз талаптарын қойды. Бізге дәл қазір асфальт керек емес. Тым болмаса тас төсеп беріңдер. Ол үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Ауылымызды шаңға көміп отырған қасымызда карьерлер бар дейді.

Еділ Өтегенов, ауыл тұрғыны:

– Бір аптаның ішінде көше төселмейтін болса, мына новостройкада тұратын адамдар бірде-біреуіміз балаларымызды мектепке жібермейміз. Себебі баалардың баруы мүмкін емес. Бір аптадан кейін мына Қараойдың жолындағы Шілік Кемер де Нұрғиса Тілендиев ағамызды мазақтап, біресе Тіледиев дейді, біресе Шілік Кемер дейді, қысқасы Тілендиев атындағы ауылдың кіреберісіндегі жолды жабамыз. Сол жерге жатамыз.

Әкімдіктегілер көпке созбай карьер қожайындарымен сөйлесеміз деп отыр. Әйтеуір, осы жолы халықтың талабын орындайды деген ойдамыз.

Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев