Павлодарда Алғыс күніне орай трамвайларда концерт ұйымдастырды

Павлодар халқы Алғыс айту күнін ерекше атап өтті. Көктемнің алғашқы күні Ассамблея мүшелері трамвайларда шағын концерт ұйымдастырды. Жұртты мерекемен құттықтап, тәтті сыйлықтарын табыс етті. Ізгі тілектерін жаудырды.

«Достық үйінің» әртістері бұл мерекені көптен күткендерін жасырмады. Күрделі эпидахуалға байланысты концерттер мен өзге жиындардан қол үзіп қалған. Алғыс күні трамвая аялдамасына елден ерте келіп, қызу дайындық үстінде.

Бақыт Әбдіғалы, ансамбль мүшесі:

– Қазақ елін Алғыс күнімен құттықтап жатырмыз. Еліміз жасай берсін. Жастарымыз, ұрпағымыз тәрбиелі болсын. Бүгінгі Алғыс күнінд өзімнің тұмарымды алып шығып, осы қыстан аман-есен шыққаныма шүкіршілік білдірудемін. Елімізде тек жақсылық болсын.

Бүгін Павлодардағы трамвайлардың бірі ән мен күйге бөленді. «Достық» үйінің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама әзірледі. Қала қонақтары мен тұрғындар бағдарламаны тамашалаумен қатар шағын, кішігірім сыйлықтарға да ие болды.

Игі шара шеңберінде әртістер 19 аялдама бойы ән айтып, би биледі. Жүрекжарды тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.

Рамиль Смаилов, ҚХА облыстық филиалы «Ассемблея жастары» бірлестігінің төрағасы:

– Тұрғындар мерекенің болғанын қалайды. Бұған дейін эпидахуалдың күрделенуіне байланысты көптеген шараларды өткізген жоқпыз. Енді шығармашылық ұжымдарымыз жұмыстарын жандандырды. Қуаншымызды шек жоқ.

Мерекелік шараның дәл осы күні атап өтудің өзіндік себебі бар. Көктемнің алғашқы күні облыста Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы құрылған. Бүгінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешіп жатыр. Бұл - басты құндылық.

Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Жеңіс Темірболат