Б.Әлімжанов: Әлеуметтік теңсіздік мәселесін шешу қажет

Халықтың мәселесін шешу үшін әуелі азаматтарды тыңдау қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір көптің көкейіндегі өзекті проблема – әлеуметтік теңсіздік. Бұл ақын Баянғали Әлімжановтың пікірі. Оның айтуынша, «AMANAT» партиясының депутаттары осы мәселені шешуге тиіс.

Баянғали Әлімжанов, ақын:

– Елге халыққа қалай қызмет етемін деген мақсат бірінші орында тұратын болса, жеке ойы, жеке арман мүддесі халықтық мүддемен ұштасатын болса, елдің көп мәселесі солай шешіледі деп ойлаймын.