476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ел пікірі: әкімді жергілікті халық сайлағаны дұрыс па?

  • 277
  • UPD: 20:47, 02.03.2022

Болашақта ел ішіндегі әлеуметтік мәселелер шешімін тезірек табады деген үміт бар. Елде бұған дейін 900-ден аса ауылдың әкімін жергілікті халық сайлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді аудан әкімдерін де тұрғындар таңдайды. Кеше Мемлекет басшысы солай деді. Бұл бастамаға қатысты қазақстандықтар пікір білдірді. 

– Ауыл әкімі болсын, аудан әкімі болсын, сол жергілікті тұрғын болса, ол халықтың да сенімі, сонымен қатар ауылдың да мәселесін шешуге түбегейлі үлесін қосуға үлкен мүмкіндік бере алады.

– Жоғарыдан сайлаған адамның кім екенін білмейсің. Ол жердің, ол ауылдың ешқандай затын білмейді. Сол жерде туып-өскен адам сол жерге бүкіл күшін салады.

– Аудан әкімдерін сайлаған дұрыс. Жастар жағынан сайлау керек. Жастар үйрену керек. Жастар ұмтылыс жасайды. 

– Ауданда бәрінде де сайлап қою керек. Тағайындалатын, ешкімді тағайындамау керек.

– Ал мынау келеді облыс әкімімен ілесіп. Ол тек 4-5 жылға отыру үшін ғана келеді. Оған облыс әкімінің алдындағы қарым-қатынасы керек. Халықты алдайды отырады. Ертең, арғы күні, келесі жылы деп шығарып салатын әңгіме көп.

Хабар 24 телеарнасы