Президент заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды

Энергетика министрлігі мен Қаржы мониторингі агенттігі елдегі заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуі керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент осындай тапсырма берді. Бүгін энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша кеңес өтті. Жиында электр энергетикасы мен атом өнеркәсібін жаңғырту, энергия тиімділігін арттыру және электр қуаты тапшылығын жою сияқты мәселелер талқыланды. Теңгерімді тариф саясатын енгізу барысы да пысықталды. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және қуат өндіруші станцияларды жаңғыртуды, жаңа технологияларды енгізуді, саланы цифрландыруды және электр желілеріндегі апаттарды азайтуды тапсырды.