Семейде мұз жару жұмыстары басталды

Семейліктер мұз жаруға кірісті.

Ертістің ала қыстай сірескен сеңін бұзу үшін мың тоннадай жарылғыш іске қосылды. Бірінші кезекте өзеннің иіндері мұздан босатылды. Бұдан бөлек, тереңдігі бір метрдей 350 ойық дайындалды. Құтқарушылар бұл шаралар судың жағаға жайылмай, қалыпты ағып кетуі үшін қажет дейді. Әрі мұз жару жұмыстары елді мекендерден аулақта, қауіпсіздік ережелері сақтала отырып жүргізілгенін айтады

Ернар Жәлелов, Семей қаласы ТЖБ бастығының орынбасары:

– Бұл учаскенің ұзындығы 900 метр. Оған 900 келі жарылғыш зат қойылды. Көктемгі мұз көшкінін қауіпсіз өткізу үшін осындай шаралар қолға алынып отыр. Семей қаласындағы жалпы ахуал тұрақты, барлық қашыртқы арналары мен арықтар жоспарға сәйкес тазаланады.