Атырау облысында Құрманғазы ауданына қарасты ауылдар жарықсыз қалды

Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты 16 ауыл жарықсыз қалды.

Наурыздың 4-5-і күндері өңірде жел күшейіп, электр желілерін зақымдаған. Кей жерлерде бағандар құлады. Ал желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жеткен. Осылайша 60 мыңға тарта тұтынушы жарық пен жылусыз қалды.

Қазір ауданда электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 10 бригада мен 3 арнаулы техника жұмылдырылған.

Аудан орталығы Құрманғазы ауылының өз басында жарық бүгін ғана қосылды.