БҚО-да республикалық маңызы бар жолдар жабылды

БҚО-да республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Батыс Қазақстан облысында алай-түлей боран соғып тұр. Күннің қолайсыздығына байланысты бірқатар күре жол жабылды.

Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетті. Көктайғақ. Мамандардың ескертуіне қарамастан, алыс сапарға шығып, жолда қалып қойған бір жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылды. Ішінде 8 адам бар, біреуі бала. 

Рашид Біләлов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары. Ауа райының қолайсыз болуына байланысты облыс аумағында республикалық маңызы бар Самара-Шымкент, Орал-Атырау жолдары жүк және тасымал көліктері үшін қозғалыс шектелген. Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар Орал-Тасқала, Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасына дейін және Үлкен Шаған-Переметное жолдары жабық. Осыған орай қажеттіліксіз жолға шықпауыңызды сұраймыз.