Атырау облысы: Құрманғазы ауданындағы 3 ауылда жарық қосылды

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Орлы, Шортанбай және аудан орталығы Құрманғазы ауылында жарық берілді.

Наурыздың 4-5-і күндері өңірде жел күшейіп, 16 елдімекен жарықсыз қалған еді. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетіп, кей жерлерде бағандар құлады. 40 мыңға тарта тұтынушы жарық пен жылусыз қалды.

Қазір ауданда электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.