Жергілікті басқару жүйесін өзгерту керек – Е. Тұқымов

Президенттің әкімдер халықпен жиі кездессін деген талабы бос дақпырттан құтқарады. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры осындай пікірде.

Еркін Тұқымовтың айтуынша, әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша халықтың дені әкімдерге риза емес. Демек, басқару жүйесін жаңа форматқа көшіру керек. Ал облыс пен аудан әкімдері халықпен жүздескенде әлеуметтік мәселелерді шешуге мән бергені жөн,– дейді сарапшы.

Еркін Тұқымов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

– Әкімдер мен билік қоғам алдында көп шу көтеретін адамдарға ғана мән беріп қоймай, жергілікті жерлердегі әлеуметтік мәселелелрді шешуі керек. Яғни, мониторингті жиілетіп, жергілікті мәслихаттар іске араласуы керек. Олар кабинетте ғана отырмай, халықтың арасына шығуды әдетке айналдырғаны дұрыс. Әкім бол, халқыңа жақын бол деген тәмсіл үнемі назарда болуы керек. Егер халыққа берген уәдесін орындамайтын болса, келесі мерзімге сайланбайды.