Петропавлдық шебер жасаған шыны бұйымдар көздің жауын алады

Басқа, басқа, шыныдан көздің жауын алатын бұйым жасайтын шеберді көрдіңіз бе? Петропавлдық Марина Дюркич көпшілікке беймәлім фьюзинг технологиясының қыр-сырын жіті меңгерген. Қолы қалт етсе, шыны кесіп түрлі дүниелер әзірлейді.

- Вырезаются стекляшки. Каждая мелкая деталька это вырезанная из стекляшка. 

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес». Бұл Солтүстік Қазақстандық Марина Дюркичтің ұстанатын қағидасы. Асқан жауапкершілікті талап ететін бұл өнерде ұқыптылық қажет. Себебі қалт кетсеңіз шыны қолыңызды тіліп, жарақат алып қалуыңыз бек мүмкін. 

Марина Дюрчиктің негізгі мамандығы музыкант. Қазір жергілікті арналардың бірінде дыбыс режиссері болып қызмет атқарады. Ал бос уақытында азаматша петропавлдықтарға таңсық өнер фьюзингтің қыр-сырын өздігімен меңгеріп алған. Жаңашылдыққа жаны құмар ол қажетті құралдарын шетелден алдыртқан. Айта кету қажет, бұл көп шығынды қажет ететін өнер.

Марина Дюркич, қала тұрғыны:

- Интернеттен көріп, осы өнермен айналысуға ден қойдым. Ол үшін көпптеген онлайн сабақтарды көрдім. Өте керемет дүниелер жасауға болады. Бірақ қажетті құрал- жабдықтар тым қымбат. Оның үстіне Қазақстанда жоқ. Түрлі-түсті шынының да бағасы арзан емес. Сондықтан ақша үнемдеп, олардың көбін Ресейден алдырттым.

Алғашында шыныны кесіп, қажетті пішінге келтіру қажет. Кейін ол  клеймен жапсырылады. Ал дайын болған дүние арнайы пешке салынады.

Марина Дюркич, қала тұрғыны:

- 4-5 сағат белгілі температурада тұруы керек. Кейін пешті мүлдем қозғауға болмайды. Өйткені жасаған бұйым бір тәуліктей суып тұрады. Егер пешті ертерек ашып қойсақ, шыны жарылып кетуі мүмкін.  

Мына қабырғаларда ілініп тұрған бұйымдардың барлығы Маринаның туындысы. Азаматшаның ендігі мақсаты монофельтингпен айнылысу. 

Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев