Ауылдар әзірге 5G желісіне қосылмайды

Әзірге ауылдарды 5G желісіне қосу жоспарда жоқ. Бұл туралы бүгін мәжілісте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл тек Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары ғана мобильді байланыстың осы түрімен қамтылады. Ал 2023-25 жылдар аралығында 5G облыс орталықтарында пайда болады. «Қазір бұл жоба тестілеу режимінде»,- деді вице-министр.