Шаруалар жеңілдетілген жанар-жағармай ала алмай отыр 

Ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың кешіктірілмеуін тікелей министрден талап ету керек. Мәжіліс отырысында депутат Қайнар Аббасов осындай мәселе көтерді.

Қазір оңтүстік өңірлерде көктемгі дала жұмыстары басталды. Алайда шаруалар жеңілдетілген жанар-жағармайға қол жеткізе алмай отыр. Минералды тыңайтқыш қымбат, ең бастысы – егіс тұқымы мен су жоқ.

Депутат «субсидиялау тәсілдерін тұрақтандыру керек»,– дейді. Сондай-ақ минералды тыңайтқыштарға субсидия беру маңызды.

Қайнар Аббасов шаруаларды қысқан түйткілдерді шешу үшін «Кең дала» бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемін арттыруды сұрады.