Атырау облысында елді мекендер жарықсыз қалды

5 наурыз күні Атырау облысы Құрманғазы ауданында қатты дауыл тұрып, салдарынан ауданға қарасты 16 елді мекен жарықсыз қалған еді.

Аудан табиғи аппаттан кейін әлі қалпына келген жоқ. Күшті желден 300-ге тарта электр бағаны құлап, желілер зақымданды. Салдарынан электр желісімен қоса, телефон байланысы және жеке секторларда жылу жүйесі істен шықты. 6 наурыз күні аудан орталығы Құрманғазы селосы мен тағы 4 елді мекенге жарық берілген. Бүгін таңертең аудандағы 58 мың 300 абоненттің 90 проценті электр желісіне қосылыпты. Апат салдарын қалпына келтіруге 8 бригада мен 22 техника жұмылдырылған.

Игорь Әбуғалиев, Құрманғазы аудандық электр жүйесі бөлімінің басшысы:

- Ағашы бар, бетоны бар желге қарсы тұрған соқалар желден құлады. Именно 10 мың вольттық, сосын бір соқа құлаған, «Еңбекші» ауылында 35 мыңдық. Қазір жұмысты бітіріп жатырмыз, түсқайта сағат 4-те «Бірлікке» береміз. Онда 550 абонент бар. «Утераға» түстен кейін береміз, «Көктоғайға» ертең береміз. Сондай-ақ бүгін «Қызылобаны» да үлгереміз. Толықтай 11 наурызда аяқтаймыз, бұйырса.