Қостанай әуежайындағы бітеу қабырғаға тірелетін баспалдақ қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Қостанай әуежайында бітеу қабырғаға тірелетін баспалдақ суреті жарияланып, қызу талқыға түскен еді.

Кейін әуежай әкімшілігі, ол жерге есік салынғанын айтып, дәлел ретінде суретімен ресми ақпарат таратты.

«Аэровокзал ғимаратында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Соған байланысты кейбір құрылымдық өзгерістер толық аяқталған жоқ. Қазір баспалдақпен екінші қабатқа көтерілген тұста есік бар», - дейді.