Қостанай облысында 84 елді мекенді су басуы мүмкін

Күн күрт жылыса, Қостанай облысындағы 84 елді мекенді су шайып кетуі мүмкін.

Әсіресе оңтүстік аудандардағы жағдай қауіпті. Науырзым, Амангелді, Жанкелдин және Арқалықта «айтып келмейтін апат» наурыз айының соңында күшейеді. Бұл өңірлерде жауған қар былтырғы мөлшерден екі есе жоғары. Құтқарушылар өзен-көлдердің деңгейін бақылауға алған. Судың өз арнасымен еркін ағуын қамтамасыз ету үшін айдындарда 65 мың текшеметр мұз жарылады. Қазір 11 мың адамға есептелген эвакуациялық орын дайындалған. Жалпы облыс қызыл суға қарсы шараларға шамамен 630 миллион теңге бөледі. 

Зәуре Жақыпбек, облыстық ТЖД аға инженері:

- Су тасқыны қаупі жоғары елді мекендерде инертты материалдар, қапшықтар, жанармай қоры жеткілікті. Қазір 572 мың текше метр қар полигондарға шығарылды. Айналмалы каналдарды, су бұру арықтарын тазалау жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп жатыр.