Түркістанда заңсыз құрылыс кешені анықталды

«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тұрғын үй кешенінің бастапқы жоспарын заңсыз ауыстырып жіберген.  

Жоба бойынша инвестор есебінен 8 гектар жерге «ақылды» тұрғын үй кешені салынуы тиіс болатын. Алайда бейнебақылау камералары мен автоматтандырылған басқару жүйесі бар көпқабатты үйлердің орнына басқа тұрғын үйлер салынған. Жергілікті монополияға қарсы департамент қызметкерлері тексеру кезінде заңбұзушылықты анықтап, ескерту жасады.

Олжас Көпбаев, «Түркістан» ӘКК ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры:

– Бастапқыда жоба бойынша бұл жерге инновациялық игіліктерді пайдаланып, ақылды тұрғын үй кешенін салғымыз келді. Сәйкесінше ақылды үйлер мемлекеттік қызметкерлер үшін қалтаға салмақ салатынын байқадық. Қымбатшылыққа ұрынбас үшін бұл идеядан бас тартық. Қазір әр шаршы метрі 180 мың теңге болатын үйлер тұрғызылды.