Каспий теңізінен биыл 19 мың тонна балық ауланады

Атырауда көктемгі балық аулау маусымы басталды.

Биыл Жайық, Қиғаш өзендері мен Каспий теңізінен 19 мың тонна балық аулау жоспарда бар. Былтырғы күз балықшылар үшін қолайлы болмады. 2021 жылы бар болғаны 3700 тонна балық ауланды. Соңғы 3-4 жылда өзендер тартылып кетті. Былтыр қазан айында Жайықтың Каспийге құяр сағасының тереңдігі 40-50 см-ге дейін түскен.

Ләззат Кенжеғалиева, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық қорғау инспекциясы бөлімінің бас маманы:

– Атырау облысы бойынша Каспий теңізіне 2021 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта 11,518 мың тонна квота бөлінді. Қазіргі уақытта 16 балық шаруашылығы субъетілері кәсіпшілік балық аулау науқанын бастады. Су ауданында кеме жүргізу режиміне 640 балықшыға келісім берілді.