Геосаяси жағдайға байланысты шекаралық аймақтарды дамыту керек

Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты шекаралас аймақтарды дамыту қажет. Бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысты.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров  «Sarap» эксперттік клубының отырысында осылай деді. Оның айтуынша, шекаралық аймақтардағы аудандардың инфрақұрылымын дамыту керек. Сонымен қатар ол халықтың әл-ауқатын арттыру керек екенін атап өтті.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Тарбағатай ауданында 30 жыл ішінде бірде бір депутат бармаған. Әрине, адамдардың билікке деген, оның ішінде парламент институтына сенім жоғалады. Қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе ол саяси реформаларлың бір мақсаты болу керек. Оның мақсаты саяси реформаларды қалыпқа келтіру. Ең негізгісі халықтың әлеуметтік деңгейін көтеру керек.