Отандық ғалым тізені емдейтін гидрогель ойлап тапты

Елімізде тізе жарақатын емдеу жылдам әрі қауіпсіз болғалы тұр.

Отандық ғалым ойлап тапқан гидрогель клиникалық сынақтан өткізіле бастады. Мамандар оны әмбебап дәріге балайды. Сұйықтық тізе буынының шеміршегін қалпына келтіретін қасиетке ие екен. Сол арқылы науқас ауруынан толық айығады. Ал бұған дейін сүйектің бүлінген жеріне протез орнататын. Ол қымбат әрі ерекше күтімді қажет етеді. Кейде қызмет көрсету уақыты да шектеулі. Ал жаңа дәріні жасауда адамның өз жасушасы негізге алынғандықтан ағзаға енгізілген соң ол шеміршекті өздігінен қалпына келтіреді.

Олжас Бекарысов, ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры:

 - Тек біздің Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығында жыл сайын 1500 адамның буынына операция жасалады. Қанша адам кезегін күтуде. Жаңа әдіс бұдан да көбірек науқасты емдеуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.  Травматологтар үшін бұл нағыз жаңалық.

Вячеслав Огай, жоба авторы:

 - Осы нәтижеге жету үшін алдымен зертханада жануарларға сынық өткіздік. Екі жылдық зерттеуден соң жобамыз толық дайын болды. Өнертабысты патенттедік. Барлық жұмыс Елордада өткізілді. Сұйықтықты жасауға қажетті заттардың бәрі өзімізде бар деп айтуға болады. Әлемде мұндай гельдің үш баламасы бар. Біздікі науқастың өз жасушасынан жасалатындығымен ерекшеленеді.