Еліміздің адвокаттары министр Мусинге мұңын шақты

Елімізде адвокаттардың қаламақысы 80 мың теңге. Төлейтін салықтар тағы бар. Сонда қолға алатын қаржы өте аз дейді.

Әділет министрі Қанат Мусинге мұң шаққан адвокаттар қордаланған біраз мәселені қаузады. 10 нақты сұрақ жолданды. Министр жақын арада мәселенің шешілетініне уәде беріп, әр сұранысті жіті бақылайтынын жеткізді. Айта кетейік, Қазақстан бойынша 5 мың 700 адвокат бар.

Айдын Бекебаев, республикалық адвокаттар алқасының төрағасы:

- Адвокаттың авторитеті болуы үшін оның жұмысы сапалы болу үшін өзгерістер болуы керек. Бізге енді республикалық бюджеттен 1,8 миллиард теңге алдық. Барлық Қазақстан бойынша адвокаттарға. Бір адвокатқа 4 іс жүргізгені үшін бір айда 80 мың, бір іс 20 мың. Енді бұл өте төмен ғой. Сапаға әсер етеді ғой. Адвокаттар тәуелдіміз. Тергеушінің өзіне тәуелдіміз. Өзіміздің қаламақыны алу үшін тергеушінің қолы керек. Қол қойғаны керек, артынан жүгіріп жүреміз, дұрыс па ол? Оның бәрін шешу керек. Заңды өзгерту керек. Төлемақыларды өзгерту керек.