Ақтаудағы әйгілі қонақ үйге айыппұл салынды

Каспий теңізі мен Қаракөлге сарқынды су ағызғаны үшін Rixos қонақүйіне салынатын айыппұл көлемі 76 млн 200 мың теңге, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экологиялық заң талаптарын бұзған серіктестікке 6 әкімшілік іс қозғалғанын бұған дейін айтқан болатынбыз. Жоспардан тыс жүргізілген тексерулер қос құбыр суының құрамында нитрат пен хлордың шамадан артық мөлшерде екенін көрсеткен. Хауыздар және кәріздік тазарту қондырғылардан шыққан судың қоршаған ортаға төгіліп келгені анықталды. Қазіргі уақытта әлгі құбырлар ажыратылды. Тәуелсіз сарапшылар көрсеткен ақаулықтар жойылғанша жағдай уәкілетті органның бақылауында болады.

Руслан Төкенов, өңірлік экология департаментінің басшысы:

– Теңізге бағыттағы құбырдан су тазалау қондырғысынан шығатын ащу суды төккен және хауыздардан жинақталған суды төккен. Заңбұзушылықты жою жөнінде нақты нұсқама берілді. Қазіргі таңда аталған компаниямен бұл бағытта тиісті іс-шара жасақталды.