Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жасақталмақ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына жұмыс тобының мүшелерін іріктеу үшін конкурс жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрліктің Қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы 9 адамнан тұрады, олардың үшеуі министрлік өкілдері және 6-уы азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері арасынан сайланады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде келесі құжаттарды қолма-қол береді немесе төмендегі электрондық мекенжайға жібереді:

       1) Жоғарыда аталған Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

      2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

      3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Сонымен бірге Үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын, дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.

Байқауға қатысуға ниет білдіргендер жоғарыда аталған Үлгілік ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті республикалық деңгейде мемлекеттік органға, квазимемлекеттік сектор субъектісіне немесе жергілікті деңгейде жергілікті өкілді органға береді не электрондық поштасына жібереді.Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар келесі мекенжайға ұсынылады (жолданады): Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі,8, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 14 кіреберіс, электрондық пошта мекенжайы: qogamdyqdamu@mail.ru.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды: 8(7172) 74-03-56, 74-18-37 телефондары арқылы алуға болады.

Дереккөз: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ...