Ел әскерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Ел әскерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Қазақстанның Қарулы күштерінде роталар мен батареяларды жауынгерлік үйлестіру кезеңі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысының  тапсырмасына сәйкес бас штабта Қарулы күштердің жауынгерлік оқу процесін реттейтін құжатты қайта өңдеуді жүргізетін жұмыс тобы құрылды. Ротаны дайындау барысында әскери қызметшілердің елді мекендер мен таулы жерлерде заңсыз қарулы топқа қарсы барлау және жою үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануға баса назар аударылады. Арнайы операция жүргізу мәселелерін пысықтау барысында басқа әскерлер және әскери құралымдардың бөлімшелерімен өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.