Маска тағу міндетті емес – ВАК

Қазақстандықтар енді далада маска тағуға міндетті емес. Бүгін коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты тағы бірқатар шектеулер алынды. «Сары» және «жасыл» аймақтарда «Ashyq» қосымшасы міндеттелмейді. Сондай-ақ әлеуметтік ара қашықтық сақтау талаптары да алынып тасталды. Вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысына шектеу қойылмайды. Ал вахталық әдіс бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер енді ПТР-сынама тапсырмайтын болды.