ШҚО-да иесіз жануарларды ұстайтын орталықтарға қаржылай қолдау беріледі

Бұл мақсатқа жергілікті билік 150 миллион теңге бөліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде бұл мәселе 10 жылдан бері өзекті болған. Мамандандырылған питомниктер құру және қаңғыбас ит, мысықты залалсыздадыру бағытындағы жобалардың жүзеге асу барысын жергілікті белсенділер қадағалауға ниетті.

Шығыс Қазақстанда иесіз жануарларды ұстайтын орталықтарға қаржылай қолдау берілетін болды. Бұл мақсатқа жергілікті билік 150 миллион теңге бөліп отыр. Өңірде бұл мәселе 10 жылдан бері өзекті болған. Мамандандырылған питомниктер құру және қаңғыбас ит, мысықты залалсыздадыру бағытындағы жобалардың жүзеге асу барысын жергілікті белсенділер қадағалауға ниетті.

Өткен жылдың желтоқсан айында Өскемен қаласының маңындағы Лесхоз ауылында 7 жасар баланы ит талаған болатын. Тұрғындар шу көтергеннен кейін мамандар бұралқы төрт аяқтыларды аулап, ата бастаған.

Наталья Ситник, Лесхоз кентінің тұрғыны:

– Бұл үйлерге жазда иелері келіп тұрады. Күн суытып, қыс жақындағанда қалаға кетеді де, иттері осында қалады. Олар көбіне қоқыстан азық іздейді. Бір апта бұрын дүкенге кеткен баламды бірнеше ит қуалаған. Әжесі көріп қалып, араша түскен.

Ветеринарлар қайғылы жағдайдың себебімен емес, салдарымен ғана күресуде дейді зоотехник Лариса Прокопьева.

Сарапшылардың пікірінше, иесіз иттер мен мысықтарды залалсыздандыру керек. Бұл шараларды қаржыландыру туралы жаңа заңда да қарастырылған.

Лариса Прокопьева, зоотехник:

- Айына үш итті залалсыздандырсақ, 5 жылдан кейін біз бұл мәселені біржола шеше аламыз. Мұндай шаралардың қолға алынбағанына біраз жыл болды. Қазір қаңғыбас иттер өте көп. Оны кім бақылауы керек?

Людмила Зеленинаның иесіз жануарларды ұстайтын орталық ашқанына 20 жылдай болған. Мұнда 150-дей ит бар. Күннен күнге көбеюде. Сондықтан питомник аумағын кеңейту қажет дейді ол.

Людмила Зеленина, қала тұрғыны:

- Ит көбеймесе, азаймайды. Мекеме аумағын кеңейту керек. Біз сәулет, құрылыс басқармасына хабарластық. Жақын күндері жерді жалға алу үшін аукцион өтуі керек.

Жергілікті ветеринария қызметі де жануарларды қорғау мекемелерінің жеткіліксіз екенін айтып отыр.

Ертай Батхолдин, ШҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

– Бізде иттерді қабылдау пункттері жетіспейді. Сондықтан жануарларды қорғау орталықтарымен тығыз жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз.

Жеке ит ұстау орталықтарына 50 миллион теңгедей субсидия беру қарастырылған. Сондай-ақ барлық ветеринариялық шаралардың шығыны 150 миллион теңге болмақ. Ал қомақты қаржының мақсатты игерілуін жергілікті белсенділер қадағалайтын болады.

Нұрлан Жақыпбеков, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин