loader


QAZAQ AIR Ресейге әуе рейстерін тоқтатты

Бұл жөнінде қазақстандық әуе команиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«QAZAQ AIR авиакомпаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей территориясында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімі жүргізілмейтіні туралы хабарлама алды. Аталған жағдайға байланысты авиакомпания Ресей территориясы әуесінде сақтандыру өтелімі туралы мәселе шешімін таппайынша, Ресейге авиарейстерді орындауға қауқарсыз» делінген хабарламада.

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылуда.

«Алдағы күндері кестеде болуы мүмкін өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етіп отырамыз. QAZAQ AIR авиакомпаниясы ұшулар қауіпсіздігі бойынша қазақстандық және халықаралық стандарттардың барлық талабын орындап отыр», - деді компанияның баспасөз қызметі.

Еске салайық, 11 наурыз күні Air Astana компаниясы Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатты.

Сондай-ақ...