Түркістан облысында мақтаның жаңа сұрпы дайындалды

Дақылды ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары екі жылдан бері тексеруден өткізіп, шаруаларға ұсынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұқым арнайы егістік алқаптарында көбейтілді. Мақтаның жаңа түрі зиянкестерге төзімді болғандықтан одан қорғайтын химиялық қоспаның шығыны да екі есеге дейін азаяды. Сондай-ақ дақыл ерте өнім беріп, құрғақшылыққа шыдамды келеді. Енді Мақтарал мен Жетісай аудандарының шаруалары мақтаның бұл түрін жаппай егуге қамданып жатыр. Ғалымдар өнімділігі жоғары сұрыптан гектарына 45 центнерге дейін өнім алуға болатынын айтады

Асан Махамбетов, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары:

– Бізде ауданда жалпы сақтандыру қорымен есептегенде 1 мың 800 тоннадай шит керек. Қазіргі дайындалғаны 1 мың тоннаға жақындап қалды. Мақта деген ол өте қиын дақыл. Басқа дақылдардан сорт шығаруға болады. Мақтадан ол өте қиын болады. 70 жылда зорға сорт шықты ғой бізде. Өзіміздің тәжірибе станциясынан.