Елордада жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданында орналасқан кезекті жастарға қызмет көрсету орталығын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24». елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, орталықта 14-29 жас аралығындағы жастар мынадай мәселелер бойынша кеңес ала алады:
– Кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру;
– Волонтерларды қабылдау;
– Тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламалар;
– Жастар бастамаларын қолдау (бизнес ашу, іс-шаралар ұйымдастыру, жобаларды қолдау);
– Бос уақытын пайдалы әрі тегін өткізу (спорттық секциялар және шығармашылық үйірмелер).

«Мұндай орталықтар жастарымызды қолдауға арналған қандай бағдарламалар мен жобалар іске асырылып жатқанын білуі үшін қажет. Осы бағытта біздің орталықта «Астана жастары» орталығының, халықты жұмыспен қамту орталығының және «Отбасы банк» АҚ қызметкерлері тікелей жұмыс істейтін болады. Барлық сұрақ бойынша жастар күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін кеңес ала алады. Консультативтік көмек барынша көрсетіледі», – деді елордадағы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар көп, алайда олардың банкке барып, кезекте тұруға мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан жастарға қызмет көрсету орталығының ашылуының арқасында жастардың кеңес алуына, депозиттік шот ашуына, тұрғын үй сатып алу жөнінде кеңес алуына керемет мүмкіндік бар. Сондай-ақ орталық несие өтінімдер қабылданады және осы жерде жастарға пәтер кілті тапсырылатынын айтты  «Отбасы Банк» мамандары.

Сондай-ақ орталықта кәсіби бағдар беру бойынша қызмет көрсетіліп қана қоймай, өз ісін ашу үшін гранттар беріледі.

Біз мамандығы жоқ адамдарды қайта даярлау курстарына жібереміз. Оқу тегін, ал мерзімі – үш ай. Содан кейін жастарға жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін мемлекеттік сертификат беріледі. Оқу кезінде оларға ай сайын 21 700 теңге көлемінде стипендия беріледі. Сол сияқты кәсібін енді бастап жатқан кәсіпкерлер «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында 1 миллион 225 мың теңге көлемінде грант ала алады.

Айта кетейік, жастарға қызмет көрсету орталықтары елорданың барлық ауданында жұмыс істейді.