Ішкі істер министрі бейбіт жиындар кезіндегі полицияның рөлі мен қызметін түсіндірді

Мәжілістің жалпы отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бейбіт жиындар кезіндегі полицияның рөлі мен қызметін түсіндірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдан бастап саяси мазмұны бойынша мүлдем жаңа «Бейбіт жиналыстар туралы…» Заң күшіне енді.

Акцияларды ұйымдастырушылар оларды өткізу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынас жасайды.

Бұл ретте бейбіт жиналыстарға қатысушылардың қоғамдық тәртіпті сақтауы жөніндегі міндет ұйымдастырушыларға жүктеледі. Осыған байланысты полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін өзгертті.

– Жиналғандармен тікелей байланысу жағдайлары жойылды.

– Өзара әрекеттесу жергілікті әкімдіктердің өкілдерімен жүзеге асырылады.

– Сонымен қатар, полиция акцияға іргелес аумақта қарусыз және арнайы құралдарсыз жауапты қызметкерлермен ұсынылған.

Ішкі істер органдары бейбіт жиналыстарды тоқтату үшін мынадай жағдайларда ғана тартылады:

– азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке қатер төнгенде, мүлікке залал келтіргенде;

– әлеуметтік, нәсілдік, діни алауыздықты өршіткенде,

– конституциялық құрылысты, аумақтық тұтастықты күшпен құлатуға шақыру кезінде (18-б.).